Астана әуежайында жоспарлы оқу-жаттығу басталды

173

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жолаушыларға маңызды ақпаратпен жүгінді.  

Астана әуежайында жоспарлы оқу-жаттығу басталды Фото: forbes.kz

Бүгін Астана әуежайында ұшу қауіпсіздігін өртке қарсы және апаттық-құтқару қамтамасыз ету қызметінің жоспарлы оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Барлық іс-қимылдар шынайы жағдайға барынша жақындатылып, ықтимал төтенше жағдайларға сәйкес жағдайларда жүргізілуде. Жолаушылардан сабыр сақтауды сұраймыз – бұл қауіпсіздікті арттыруға және кез келген жағдайға персоналдың дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталған оқу процесі", – делінген Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әуежайының жолаушыларына әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жөндеуге жабылатыны ескерткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу