Астана әуежайында жүк сөмкелеріне салынған 32 сұңқар тәркіленді

1031

Астана әуежайында жүк сөмкелеріне салынған 32 сұңқар тәркіленді

Астана халықаралық әуежайында орналасқан шекара бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары араб жеріне 32 сұңқарды заңсыз жолмен әкетуге тырысқандардың жолын кесті. Нақтырақ айтқанда, "Астана-Шаржы" бағытымен ұшқалы тұрған G9-252 рейсіне жүк тиеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде шекарашылардың назарын қомақты 4 сөмке еріксіз аударды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Әлгі сөмкелердің тіркеу жапсырмаларының жоқ екендігі байқалды. Шекарашылар сөмкелерді ашып, тексеру керектігін талап етті. Ал тексеру кезінде сөмкелерден бір емес, бақандай 32 дана сұңқар шыға келгенде тұрғандардың таңданысында шек болмады. Ал қазіргі бағамен олардың орташа құнын есептегенде, артық-кемі жоқ 380 000 000 теңгеден асып жығылды. Оның үстіне аталған жыртқыш құстардың әлемде сирек кездесетіндігін де қосып қойыңыз. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу