Астана әуежайында жұмысшы қайтыс болды

271

Астана әуежайының қызметкері жұмыс орнында қайтыс болды.

Астана әуежайында жұмысшы қайтыс болды Фото: El.kz

Астана әуежайында жүк тиегіштің жүргізушісі қайтыс болды. Қайғылы оқиға 2 қарашада болды. Бұл туралы елордалық әуе айлағының PR қызметінің жетекшісі Тойгүл Жұбанісова хабарлады.

"Әуежай қызметкерлері жұмыс орнында багажы мен жүгі бар көлік тиегішінің салонында ес-түссіз жатқан жүргізушіні тапқан. Осыған байланысты фельдшерлік-акушерлік пунктке дәрігерлерден перронға шақырту түсті. Дәрігерлер реанимациялық шаралардан кейін жүргізушінің қайтыс болғанын растады", - делінген мәлімдемеде.

Тойгүл Жұбанісова қаладан келген полицияның жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру шарасын жүргізгенін, одан кейін олардың сүйемелдеуімен әуежайдың медицина орталығынан жедел жәрдем көлігімен мәйіт елорданың сот-медициналық сараптама орталығына жіберілгенін түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу