Астанада екпіні күшті желден Air Astana ұшағына зақым келді

161

Кадрларда қатты жел контейнерді ұшырып, ұшаққа соғылғанын көруге болады.   

Астанада екпіні күшті желден Air Astana ұшағына зақым келді Фото: бейнеден скриншот

Желіде 8 тамыз күні Air Astana авиакомпаниясының Астана әуежайындағы ұшағы қалай зақымданғаны туралы бейне таратылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жағдай елордадағы ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда бұршақпен қатар болған қатты екпінді желге байланысты орын алды. Кейінірек Air Astana әуекомпаниясы Астана – Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсі жақын арада ұшатындығын мәлімдеді.

Бір апта ішінде елордалық әуежайда екі әуе кемесіне зақым келді. Бірінші жағдайда — SCAT әуекомпаниясы, екінші жағдайда – FlyArystan. Болған жағдайға байланысты екі авиакомпания да теріс қаржылық зардаптарды, сондай-ақ рейстердің кешігуін жариялады.

Азаматтық авиация комитеті 7 тамызда Астана әуежайы ұшақтардың зақымдануынан кейін тексерілетінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу