Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы өзгерді

512

Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2000 теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3000 теңге болады. 

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы өзгерді Фото: Inbusiness.kz

Астана халықаралық әуежайында 2023 жылғы 1 қазаннан бастап тұрақ құны өзгерді.

P1-P3 аймағында екінші және үшінші тәулікте 3000 теңге, көлікті 3 тәуліктен артық қалдырған жағдайда тәулігіне 4000 теңге.

Сондай-ақ жабық тұраққа көлік қалдырсаңыз, кейінгі тәулікте көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 3000 теңгеге, күз-қыс мезгілінде 4000 теңгеге дейін өседі.

"Көлік жүргізушілері көлігін 7 тәуліктен 40 тәулікке дейін әуежай тұрағына қалдырып кетеді. Соның салдарынан өзге жолаушылар мен шығарып салушыларға тұрақтан бос орын табылмай жатады. Көлікті тұрақта ұзақ мерзімге қалдыру қыс мезгілінде қар тазалау жұмыстарына да кедергі келтіреді", деп хабарлады Астана әуежайының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу