Астана әуежайындағы жаңа терминалда баж салығынсыз сауда алаңы ашылды

725

Астана әуежайындағы жаңа терминалда баж салығынсыз сауда алаңы ашылды

Астана әуежайының жаңа терминалынының  халықаралық ұшу бөлігінде баж салығынсыз Duty Free сауда алаңы ашылды. Халықаралық бағдардағы жолаушылар онда мыңнан астам әлемдік және қазақстандық бренд өнімдерді алады.  Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

"Әуежайды дамытуда баж салығынсыз сауда алаңын ашудың маңызы зор. Астана халықаралық әуежай болғандықтан баж салығынсыз алаң болуы тиіс. Біз осы жобаны жүзеге асырдық",-дейді Астана халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.

Баж салығынсыз сауда дүкені "Spirit of Kazakhstan", жоғары сапалы отандық өнімдер: тағамдар, ұлттық киімдер, ЭКСПО-2017 әсемдік заттары, кәдесыйлар басқа да түрлі зергерлік, қолөнер  бұйымдары бар.

Dufry бас директоры З.Рашдорфтың айтуынша, "аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында халықаралық сапа талабына сай қазақстандық отандық өнімдер іріктелді. Болашақта өнім түрлерін көбейту жоспарланып отыр".

Астаналық әуежай жолаушыларға сапалы қызмет көрсету мен олардың сұранысын қанағаттандыру үшін қызмет көрсетудің жаңа түрлерін игеру үшін барлық шараларды жүзеге асыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу