Астана әуежайының әкімшілігі маңызды хабарлама жасады

Әуежай аумағында арнайы техника мен құтқару қызметтерінің көбеюі тұрғындар мен жолаушыларды алаңдатпауы керек.   

Астана әуежайының әкімшілігі маңызды хабарлама жасады Фото: travelpress.kz

Өйткені, ол қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

22 мамыр күні сағат 12:00 мен 14:00 аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аумағында авиациялық оқыс жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өтеді.

Оқу-жаттығу барысында әуежайдың авариялық-құтқару қызметі Төтенше жағдайлар департаментімен, өрт сөндіру бөлімшелерімен, жедел-құтқару жасағымен, Апаттар медицинасы орталығымен, "103" қызметімен және әуе компанияларымен бірлесіп төтенше жағдайда әрекет ету тәртібін пысықтайды.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, жаттығу кезінде аумақта арнайы техника, өрт сөндіру көліктері мен жедел қызмет мамандары көптеп жүруі мүмкін. Осыған байланысты жолаушылар мен қала тұрғындарынан сабыр сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына түсіністікпен қарау сұралады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу