Астана әуежайының ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?

239

Әуежай әкімшілігі пікір білдірді. 

Астана әуежайының ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі? Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу болмайтындығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1 мамырдан бастап Астана қаласының әуежайында („Mabetex Group“) бас мердігермен бірлесіп ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар басталды. 

Асфальтбетон жұмыстарын жүргізу үшін бас мердігер Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Орал және Петропавл қалаларының әуежайларында әуеайлақ жабындарын қайта жаңартуда тәжірибесі бар "К-Дорстрой" АҚ компаниясын жұмысқа тартты. 

Бүгінгі таңда объектіде инженерлік-геодезиялық ізденістер жалғасуда, сонымен қатар арнайы техника тартылып, инертті материалдар жеткізілуде", — деп жазды компаниядан.

Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін орындалмайды.

"Қазаэронавигация" РМК арқылы күрделі жөндеуге байланысты әуеайлақта енгізілетін шектеулер туралы NOTAM электронды хабарламалары жіберілді. Бұл ретте жалпы шешімге қол жеткізуде қолдау көрсеткені үшін авиакомпанияларға алғысымызды білдіреміз.

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілгенін және ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу сенімгерлік басқару кезеңінде инвестордың бірінші кезектегі міндеті болғанын атап өткен жөн.

Әуежай әкімшілігі әрбір жолаушы мен отбасының саяхатын қауіпсіз әрі жайлы етуді жалғастыруда", — деп жазды әуежайдың баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу