15 мамырда Астана терминалы бойынша жалпы құрылыс жұмысы аяқталады. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының алдында баяндама жасаған инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Терминал жылына 8,2 млн жолаушы өткізуге қауқарлы.
"Бүгінде біз Қазақстанда 11 млн жолаушыға қызмет көрсетеміз: Астана – 3,5 млн, Алматы – 5 млн, Ақтау және т.б. Жыл сайынғы өсу қарқыны 5 пайызға жетіп отыр. Авиацияда нақты өсім бар", – дейді министр.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, терминал замануи, ірі коммерциялық құрам қарастырылмақ, нақтырақ айтсақ, қоғамдық тамақтану, Duty Free және т.б. Ол әлемдік стандартқа сай болады.
"Өсім тәжірибеге енген соң биыл бұл терминал арқылы кем дегенде 3,8-4 млн жолаушыға қызмет көрсетеді. 400 персонал қызмет көрсетеді. Олар бүгіннің өзінде ЭКСПО-ға қатысушылар мен жолаушыларды қарсы алуға дайындалып жатыр", – дейді ол.
"Болашақтағы 2-3 жылда ұшып-қону жолағын салуды жоспарлап отырмыз. Жалпы Астана өсімнің жақсы қарқынын көрсетіп отыр, ол ТМД-да ірі 10 әуежайдың қатарына кіреді", – дейді Жеңіс Қасымбек.
Астана 5-6 жыл бұрын 25 мың жолаушыны қабылдаса, бүгінде Астана мен Алматы жылына 300 мың транзиттік жолаушы қабылдайды.