Астана әуежайының жаңа терминалы халықаралық рейстер үшін қолданылады

1203

Астана әуежайының жаңа терминалы халықаралық рейстер үшін қолданылады

Елордада әуежайдың жаңа терминал құрылысы аяқталуға жақын. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба әуежайдың көлемін екі жарым есеге ұлғайтып, ЭКСПО-ны өткізу кезінде жолаушылар ағынының қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлайды.

 - Бүгінгі күні жаңа терминал ғимаратының құрылысы аяқталды. Жұмыстар жылдам қарқынмен жүргізілуде. 1 маусым алғашқы жолаушыларды қабылдауға дайынбыз. Қазір бір жүйеде жұмыс істеу үшін барлық құрылғыларды тексеріп, соңғы жұмыстарды пысықтап жатырмыз, - деді Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы тілшісіне берген сұхбатында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ басқарушы директоры Қуандық Рыспаев.

Елорда әуежайының жаңа терминал құрылысы 3 жылға созылған болатын. Жоба жаңадан басталып, онда көлемі 47 мың текше метрді құрайтын үш үлкен келу-кету алаңы, инфақұрылымды нысандар мен жаңа ұшақ тұрағы және де VIP-терминал қарастырылған.

Ескі терминал ішкі рейстерде, ал жаңасы халықаралық рейстер үшін қолданылатын болады. Оның ішінде компьютерлермен жабдықталған офистер, wi-fiорнатылады, сондай-ақ алты әр түрлі орындықтары бар орындар да қарастырылған. Терминалдың үстіңгі қабаты толықтай мейрамханаға беріледі, бұдан бөлек, өзге әуежайлардағыдай жоғары лауазымды тұлғаларға VIP-орындар да қарастырылмақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу