Астана әуежайының жұмысы қайта жанданды

270

Сағат 18:34-тен бастап елорда әуежайы өз жұмысына қайта кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана әуежайының жұмысы қайта жанданды Фото: mycarrental.ru

Бұған дейін Астана әуежайында барлық рейс уақытша тоқтатылып, екі сағатқа жабылған болатын.

Төтенше жағдайға қатысты қала әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Жергілікті уақыт сағат 16:00-де Swissair әуе компаниясының Токиодан Цюрихке 777-300ER (ротаның борттық нөмірі HBJNI) ұшқан SVR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алу мүмкіндігіне байланысты қонуға шешім қабылдаған. Сағат 16:00-де ұшақ сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кетті. Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ескерту жарияланды", – деп жазды баспасөз қызметі.

Осы оқиғаға байланысты әуе рейстерінің кешігуі мүмкін екені де ескертілді.

Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ұшып шығуға жоспарланған 81 рейстің 6-ы, ұшып келуге жоспарланған 80 рейстің 15-і кешіктірілді.

Ұшуға:

  • KС954 Астана - Алматы
  • KС7508 Астана - Шымкент
  • KС7334 Астана - Алматы
  • DV734 Астана - Алматы
  • KC992 Астана - Алматы
  • KC7094 Астана - Алматы

Ұшып келуге:

  • KC953 Алматы - Астана
  • KC7352 Семей - Астана
  • KC346 Өскемен - Астана
  • IQ400 Ақтөбе - Астана
  • KC206 Дубай - Астана
  • DV5351 Камрань - Астана
  • KC7091 Алматы - Астана
  • KC7507 Шымкент - Астана
  • KC7333 Алматы - Астана
  • KC995 Алматы - Астана
  • DV733 Алматы - Астана
  • KC7063 Алматы - Астана
  • IQ512 Новосибирск - Астана
  • KC7364 Түркістан - Астана
  • KC7326 Шымкент - Астана

Жолаушылар рейстердің жай-күйі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты авиакомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының www.nn-airport.kz ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 702-999 арқылы ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу