Елордада қала тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 2 мыңға жуық бейнебақылау камерасы қосылған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
2 мыңға жуық бейнебақылау камерасын Астана қаласының қала тіршілігін қамтамасыз етудің кешенді шаралар жүйесіне (ҚТҚКШЖ) қосу көзделіп отыр. Бұл мақсаттағы жұмыстың барлығы ЭКСПО көрмесін өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маусым айының соңына дейін аяқталмақ деп мәлімдеді "Астана Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейрам Дюсюков елорда әкімдігі медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында.
Қазіргі күні "Астана Innovations" АҚ-ның ҚТҚКШЖ жобасы шеңберінде бірыңғай жүйеге 1,3 мың камера біріктірілді. Оның 393 "Астана Innovations" АҚ бейнебақылау камерасы, ал қалған 907-і интеграцияланған камералар.
ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін 26 жаңа аялдама мен бірнеше сауда орталықтары мен спорт кешендері бейнебақылауаға қосылды. Астана қаласының ІІД Жедел басқару орталығының қызметкерлерінің барлық камераларға түскен мәліметті алуға құзыры бар.
"Астана қаласы бойынша бейнебақылау" жобасы елорданы инфрақұрылымдарды жетілдіру мен басқару жүйесін жаңарту негізінде "ақылды қалаға" трансформаттау шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
Келешекте Астана аумағының 80 пайызын техникалық құралдарды енгізу – бейне және фото бақылау арқылы қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.