Астана ауруханаларында аналар үшін "Ашық есік" күндері өткізіліп жатыр

464

Мұндай шара Бүкіләлемдік омыраумен емізу апталығына орай ұйымдастырылған.

Астана ауруханаларында аналар үшін "Ашық есік" күндері өткізіліп жатыр Фото: Ашық дереккөзден

Астана қаласының барлық Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мен акушерлік блоктарында "Ашық есік" күндері өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1-7 тамыз аралығында әлемнің барлық елінде Бүкіләлемдік бала емізу апталығы өтуде. Оның мақсаты көпшілікке ана сүтінің бала ағзасы үшін пайдалы екендігін түсіндіру. Емізу ана мен бала арасындағы байланысты табиғи түрде нығайтады, дейді мамандар.

Емізу кезінде ана мен бала тығыз байланыста болады, бұл окситоцин гормонының – "махаббат гормоны" деп аталатын гормонның өндірілуіне ықпал етеді. Бұл ана мен бала арасында сенім мен сүйіспеншілік сезімін арттырады.

Сондықтан дәрігерлер бұл маңызды істі қолдауға және омырау сүтімен емізу мерзімін ұзартуға шақырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу