Астана автобустары электронды картаға көшкелі қанша табыс түсті

934

Елорданың қоғамдық көліктеріндегі қазіргі тариф жыл соңына дейін өзгермейді.

Астана автобустары электронды картаға көшкелі қанша табыс түсті

"Астана LRT" ЖШС қоғамдық көліктерге электронды картамен есеп айырысу жүйесін енгізгелі бері тасымалдаушы компаниялар табысының 15%-дан астамы "көлеңкеден" шықты, деп хабарлайды аbctv.kz.

Серіктестік басшысы Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, бүгінде жолаушылардың шамамен 90%-ы электронды картаға көшкен. Алдағы бір-екі айда бұл көрсеткішті 95-98%-ға жеткізу көзделіп отыр. Міне, сол кезде жаңашылдықтан түскен жалпы табысты толықтай есептеуге жол ашылмақ.

"Екі аптаның ішінде-ақ жалпы табыстың 15%-ы "көлеңкеден" шықты. Бұл жақсы көрсеткіш", – деді Бекмырза Игенбердинов "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының көшпелі отырысында.

Оның сөзінше, Астананың қоғамдық көліктеріндегі қазіргі тариф жыл соңына дейін сақталады. Ал одан кейін тасымалдаушылар тариф саясатын қайта қарастырмақ ниетте.

Бекмырза Игенбердинов атап өткендей, Астанадағы қоғамдық автобустардың ішіне жарнама орналастырыла бастайды. Бұл қадам тасымалдаудан түсетін табысты 15-20%-ға еселейді деген болжам бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу