Астана автопаркі тағы 320 жаңа автобус сатып алмақ

421

Оның ішінде 20 бірлік – 18 метрлік электр автобустары және 40 бірлік 18 метрлік дизельді автобустар.

Астана автопаркі тағы 320 жаңа автобус сатып алмақ Фото: Хабар24

Елорда жыл сайын үлкейіп келеді, жаңа шағын аудандар, тұрғын үй кешендері салынып жатыр, халық саны артып келеді, соның салдарынан қоғамдық көлікке деген қажеттілік те артып келеді. Мәселенің қалай шешілетіні туралы онлайн брифингте "№1 автобус паркі" АҚ Басқарма төрағасы Медет Шакаев айтып берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Маршруттық желіні жаңғырту аясында Мемлекет басшысының, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша биыл біздің кәсіпорын Youtong маркалы 320 автобус сатып алмақ, оның ішінде 20 бірлік – 18 метрлік электр автобустары және 40 бірлік 18 метрлік дизельді автобустар. Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар 80 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Ал 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алу жоспарда бар", - деді спикер.

Осыны ескере отырып, "№1 Автобус паркі" АҚ-да ағымдағы жылы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша бірқатар кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта 20 бірлік көлемінде 18 метрлік электр автобустары сатып алынды. Бұл автобустар желіге, яғни №10 маршрутқа шығарылды. Бұрын №10 маршрутта жұмыс істеген 18 метрлік автобустар жолаушылар ағынын ескере отырып, 7, 44, 61 (Жағалау ш.м.), 24 (Өндіріс елді мекені (Орман зауыты), 9, 29 (Интернациональный кенті) маршруттарына жіберілді, онда таңертеңгі қарбалас сағаттарда халықты тасымалдау мәселелері бар.

Автобустардың жүктемесін азайту және тұрақты қозғалыс аралығын қамтамасыз ету үшін 205-ке жуық автобус қолданыстағы маршруттардағы кестелер санын көбейтеді.

Бұл ең алдымен 4, 5, 8, 32, 54, 71, 73 маршруттары – Көктал 1, Көктал 2 елді мекендеріне қызмет көрсету; 24,30 маршруттары – Өндіріс тұрғын алабы; 35,36,45 маршруттары – Үркер шағын ауданы; 7, 9, 17, 29, 44, 61 маршруттары – Жағалау шағын ауданы, Интернациональный кенті; 1, 6 маршруттары - Кірпіш тұрғын алабы.

Бұл жағдайда аралықты 10-20 минуттан 8-10 минутқа дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу