Астана Азияның ең керемет жерлерінің алғашқы ондығына енді

1228

Астана Азияның ең керемет жерлерінің алғашқы ондығына енді

Ең ірі әрі ықпалды басылымдардың бірі – Lonely Planet басылымы Астананы туристер 2017 жылы баруы тиіс Азияның ең көрнекті жерлерінің алғашқы ондығына енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым сарапшылары "шексіз жазық даланың жүрегінде орналасқан әйнек пен болаттан жасалған сағым" Астананы рейтингтің 5-орнына орналастырды. Lonelyplanet.com "Астана өзінің көк тіреген зәулім үйлері, үлкен алаңдары және бұлыңғыр әйнекті пирамидасы мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың футуристік қиялының бір бөлшегіне айналды" деп жазды. Басылым биылғы жазда Астанада тұрақты және жаңғыртылатын энергия көзіне арналған ЭКСПО-2017 көрмесі өтіп жатқандығын жазды.

Туристердің ешбір кедергісіз көрмеге келуі үшін Қазақстан 45 мемлекетпен визасыз режимін іске қосты, олардың қатарында ЕО елдері, АҚШ, Канада және Австралия бар.

Рейтинг басында Қытайдың орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан Ганьсу провинциясы тұрғандығын айтып өткен жөн. Екінші орынды екі Жапон қаласы бөліскен: ірі портты қала Иокогама және елдегі ең көне қалалардың бірі Камакура.

Егер туристер жылынып алғылары келсе, олар рейтингтің үшінші бағанында орналасқан Үндістанның Керала штатындағы күнгейлі жағажайларға баруына болады. Астанадан сәл ғана ілгері төртінші орынға тамақ талғағыштардың жұмағына айналған Сингапурдың Кеонг Саик Роуд кварталы орналасқан.

Lonely Planet ұсынған Азианың ең керемет жерлерінің ондығына Такаяма (Жапония), Сиань (Қытай), Канди (Шри-Ланка), Малакка (Малайзия) және Раджа-Ампат (Индонезия) енген.

Lonely Planet басылымы 1972 жылы Австралияда құрылған. Оны 2007 жылы BBC-дің коммерциялық агентті – BBC Worldwide сатып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу