"Астана Банкі" АҚ салымшыларына өтемақы беру мерзімі ұзартылды

684

ҚДКБҚ мен "Еуразиялық банк" АҚ осындай келісімге келді.

"Астана Банкі" АҚ салымшыларына өтемақы беру мерзімі ұзартылды

"Астана Банкі" АҚ салымшыларына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) өтемақы алу мерзімі ұзартылды. 

Еске сала кетсек, 2018 жылғы 26 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Астана Банкі" АҚ-ны мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдаған еді. Ал 2019 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласы МАЭС-ның бұл  шешімі заңды күшіне енді.

Осыдан кейін аталған банктің салымшыларына ҚДКБҚ өтемақы төлеуге агент банк ретінде  "Еуразиялық банк" АҚ-ны белгіледі.

Төлем басталған сәттен бастап 2019 жылдың 26 қаңтардан "Астана Банкі" АҚ-ның 52 мың салымшысы агент банкке өтемақыны алу үшін өтініш жасады. Жалпы сомасы 36,9 млрд теңгеге өтемақы төленді. Осылайша, ҚДКБҚ "Астана Банкі" АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелерін 98,4% -ға өтеді.

Қалған 1,6%-ы – бұл, негізінен, шоттардағы шағын қалдықтар, оларды алуға адамдар, әдетте, асықпайды. Атап айтқанда, "Астана Банкі" АҚ салымшыларының 64%-ы бір мың теңгеден аз депозиттерге, ал салымшылардың 79%-ы – бес мың теңгеден аз депозиттерге ие болған. "Астана Банкі" АҚ-ның төлемді қайтаруға жүгінбеген салымшыларының саны 216 мың адамды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу