Astana Banki шектеулерді 1 маусымға дейін ұзартты

637

Astana Banki шектеулерді 1 маусымға дейін ұзартты

Astana Banki 1 маусымға дейін қолма-қол ақша беруге шектеу қойды, деп хабарлайды Today.kz.

Банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында физикалық тұлғалар ағымдағы шоттарынан, депозиттері мен төлем карталарынан шығыс операцияларын жүргізе алмайтыны хабарланды. Кредиттік карталар шығыс операцияларын жүргізбейді. Операциялар Western Union, Лидер, "Алтын тәж" жүйелері арқылы жүргізілмейді. 

Банкте басқа да шектеулер бар. 

"АТМ банкоматтарынан картамен айына 100 000 теңге шешуге болады. Банк ішіндегі аударым операциялары, соның ішінде өз банк шоттарының арасында жүргізілетін операциялар үшінші тұлғаның пайдасына күніне 50 000 теңге", – делінген банктің мәлімдемесінде.  

Заңды тұлғалар үшін де шығыс касса операциялары ағымдағы және жинақ шоттары бойынша жүргізілмейді. 

Банк бірінші кезекте жалақы мен студенттерге, интерндерге, магистранттарға стипендиясын береді. Екінші кезекте салық төлеу сияқты бюджетке төлемдер, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері жүргізіледі. Басқа төлемдер күнтізбелік кезекпен жасалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу