"Астана" банкін тарату уақытша тоқтатылды

1158

Себебі сот шешіміне апелляциялық шағым берілді. 

"Астана" банкін тарату уақытша тоқтатылды

Алматы сотының "Астана" банкін мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне апелляциялық шағым берілді. Осыған байланысты қаржы институтын тарату туралы шешім уақытша тоқтатылды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ақпараты бойынша, шағымдар 6 заңды тұлға мен 3 азаматтан келіп түскен.

Айта кетейін, қор "Астана" банкінің 275 мыңнан астам салымшысына ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша толық көлемде өтемақы төлейді. Оларға қайтарылатын қаржының жалпы көлемі 37,3 млрд теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу