Астана банкінде салымшылардың 39 миллиард теңгесі жатыр

897

Ал Қазақ банкіндегі шоттарда 18 мың отандасымыздың 20 миллиард теңгесі сақталған. 

Астана банкінде салымшылардың 39 миллиард теңгесі жатыр

Лицензиясынан айырылған Qazaq bank салымшыларына ақшасы биылдан кешікпей беріледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Уақытша әкімшілікке өткен банк қазір қаражаттарын есептеп, барлық құжатты тарату комиссиясына тапсыруға дайындалуда. Үшінші тұлғалар тарапынан шағымдану болмаса, соттың мәжбүрлеп тарату шешімі 30 күн ішінде заңды күшіне енеді. Кейін, 2 апта ішінде Қазақстан Депозиттерді кепілдендіру қоры агент ретінде қызмет атқаратын отандық банкті жариялайды. Артынша таңдалған қаржы ұйымы қордың атынан және оның қаражаты есебінен лицензиясынан айырылған банк клиенттерімен жұмыс істейтін болады. Салымын алу мүмкіндігіне тек 10 миллион теңгеге дейінгі ақшасы қормен кепілдендірілген азаматтар ие болады. Ал қалған сомманы тарату комиссиясы өтейді. 

"Тарату комиссиясы 2 ай ішінде кредиторлардың барлық шағымын қарастыратын болады. 1 арыздың өзін қарауға 15 күн кетеді, кейін кредиторға ресми түрде жауап беріледі. Комиссия мақұлдаса, қарыз берушілер реестіріне енгізіледі", - дейді Qazaq banki уақытша әкімшілігінің жетекшісі Анфиса Отцова.

Қазақ банкіндегі шоттарда 18 мың отандасымыздың 20 миллиард теңгесі сақталған. Ал Астана банкіндегі 262 мың шотта 39 миллиард теңге бар екен. Мұнда да уақытша әкімшіліктің жұмысы қыза түскен.

Айта кетсек, кепілдік берілген өтемақыларды алу үшін салымшылар белгілі болған банктің бөлімшесіне өтініш білдіруі керек. Қажет құжаттарды алған агент-банк 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу