Астана банкінің жеке инвесторлардағы акциялары 7 миллиард теңгеге сатылды

989

Тимур Турловқа тиесілі компаниялар "Фридум Финанс" клинеттерінен қаржы институтының акцияларын сатып алуды аяқтаған.

Астана банкінің жеке инвесторлардағы акциялары 7 миллиард теңгеге сатылды

Тимур Турлов бақылауындағы компаниялар қазақстандық жеке инвесторлардан 7 млрд теңгеге Астана банкінің акцияларын сатып алды, деп хабарлайды LS.
"Фридум Финанс" нақтылағандай, соңғы бенефициары Тимур Турловқа тиесілі компаниялар "Фридум Финанс" клинеттерінен қаржы институтының акцияларын сатып алуды аяқтаған. Ал клиенттер құнды қағаздарды IPO кезінде (2017 жылдың маусым айында) және қайталма нарықтан алған. 
"Әрбір инвестормен қажетті келіссөз жүргізілгеннен кейін, олардың қолында бар құнды қағаздардың көлеміне қарай, клиенттерге акцияларды сатып алудың жолдары ұсынылып, мақұлданды", - деп атап кетті компаниядан. 
"Фридум Финанс"-тың 839 клиентінен 3,2 млн акция сатып алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу