Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің плей-офф кезеңінде өтетін "Астана" – БАТЭ матчына төрешілер тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл ойынға украиналық төрешілер қазылық жасайды. Атап айтқанда, бас төреші – Сергей Бойко. Оған қос қапталдан отандастары Александр Корнийко мен Семен Шлончак көмектеседі. Ал төртінші төрешісі – Анатолий Абдула.
"Астана" – БАТЭ матчы 22 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті уақыт 20:00-де басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу