Астана-Баянауыл рейсі ашылады

1049

Астана-Баянауыл рейсі ашылады

Туризмді дамыту және Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы курорттық аймақтың қолжетімділігін арттыру мақсатында ұзындығы 1200 м және ені 21 м ұшып-қону алаңы жаңартылуда. Жергілікті аэродром барлық қажетті аэронавигациялық жабдықтармен жабдықталады. Сондай-ақ, жолаушыларға қызмет көрсету үшін 200 шаршы метр аумақты құрайтын ғимарат салынады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Курорттық аймақтағы аэродромды 2018 жылдың соңына дейін салып бітіру жоспарланған. Тиісті сертификаттаудан кейін келесі туристік маусым алдында Астана-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл рейстерін ашу көзделініп отыр. Сонымен қатар, Алматы-Баянауыл бағытын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыттарда аймақтық авиацияның ұшақтарын пайдалану жоспарланып отыр.

Биылғы туристік маусымда Астана мен Алматыдан Балқаш, Үшарал және Үржар курорттық аймақтарына субсидияланған тұрақты ішкі рейстер орындалатындығын атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу