"Астана" Белградқа аттанды

728

Команда Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында "Партизанға" қарсы кездесу өткізеді.

"Астана" Белградқа аттанды

Бүгін, яғни 6 желтоқсан күні "Астана" футбол клубының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Белградқа аттанды. Елорда командасы ол жақта қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында "Партизанға" қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Сербия астанасына аттанған команданың құрамы төмендегідей:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, Владислав Саенко;

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Сағи Совет, жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Дорин Ротариу, Рунар Сигурьонссон, Жасұлан Қайыркенов, Мәди Жақыпбаев;

Шабуылшылар: Рангело Янга, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко, Владислав Прокопенко;

Марин Томасов, Лука Шимунович, Жарко Томашевич және Фирмин Мубеле жеке бағдарлама бойынша қалыпқа келуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, "Партизан" – "Астана" арасындағы кездесу желтоқсанның 12-нен 13-іне қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 02:00-ге жоспарланған. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу