Astana Bike-тің велосипедті жалға алу құны 2 есеге өсті

351

Astana Bike-тің велосипедті жалға алу құны 2 есеге өсті

Astana Bike қызметі кезекті маусымын ашты. Бүгіннен бастап елорданың 150 нүктесінде велосипедті жалға алу жүйесі қосылды. Алайда оны қолдану құны алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2 есе артқан, деп хабарлайды 24Хабар.

Оны компания басшылығы арнайы веложолақтардың аздығымен, сәйкесінше сервистік қызметтің көптігімен байланыстырып отыр. Astana Bike қызметіне астаналықтар әбден үйренісіп қалды. Қолдану жүйесі қарапайым, қолайлы жерлерге орнатылған және ең бастысы – саламатты өмір салты. Бірақ биыл бұл қызметті пайдаланушыларды тосын жаңалық күтіп тұр. Құны 2 есе өсіп, бұрынғыдай 5 мың емес, енді 10 мыңды құрайды.

Соңғы 3 жылда бұл велосипедтерді қолданушылар саны 600-ден 7000-ға дейін көбейген. Тіпті, бертін келе бос орын немесе бос велосипед тапшылығы жайында шағымдар жиілей бастады. Сондықтан бүгін қаланың 150 нүктесіне осындай велотұрақтар орнатылды

Айта кетейік, Astana Bike 2014 жылы маңызды әлеуметтік жоба ретінде іске қосылған болатын. Аз уақыттың ішінде компания негізгі мақсатына жете алды. Енді осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта қоғамдық орындардағы велотұрақтардың санын көбейтпек. Соған сәйкес, оны қолданушылар да еселеп артады деген үмітте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу