Астана билігі тұрғындарды полиэтилен пакеттен бас тартуға шақырды

1081

Астана билігі  тұрғындарды полиэтилен пакеттен бас тартуға шақырды

Астана билігі қала тұрғындарын полиэтилен пакеттен бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, елордалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Полиэтиленді пакеттен бас тарт!" экологиялық науқанын өткізуде. Науқан барысында ұйымдастырушылар полиэтиленді пакеттердің зиянды әсері туралы халық арасында кеңейтілген насихат өткізіп, үндеу парақтарын тарату мақсатында еріктілерді тартты.

Мамандардың айтуынша, орта есеппен полиэтиленді пакеттер 20 минут пайдалынылады, бұл ретте олардың ыдырау уақыты 100 жылдан 500 жылға дейін мерзімді қамтиды. Қазіргі уақытта 40-қа жуық елде полиэтиленді пакеттердің айналымын төмендетіп немесе қолдануға тыйым салған.

"Эко-пакеттерді, яғни қағаз, биоыдырағыш пакет пен матадан жасалған сөмкелерді қолдануға шақырамыз. Бұған қоса 2018 жылы ҚР энергетика министрлігімен полиэтиленді пакеттерді тегін жүзеге асыруға тыйым салу бойынша еліміздің қолданыстағы заңнамасына өзгертулер енгізіледі", – делінген науқанның ұйымдастырушылары таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу