"Астана – бірлік пен берекенің бесігі"

429

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумының салтанатты ашылуында айтты.

"Астана – бірлік пен берекенің бесігі" Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда Астана жан-жақты әрі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz. 

"Елордамыздың халықаралық беделі артуда. Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атанды. Бас қаламызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, ЭКСПО халықаралық көрмесі өтті. Қазір Астана – дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасы. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – соның айқын көрінісі. Елорда төрінде түрлі конфессия өкілдері бас қосты", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға Рим папасы арнайы келгенін еске салды. Кезінде аса мәртебелі ІІ Иоанн Павел қонақ болған, деп жалғастырды ол. 

"Былтыр аса қадірлі Франциск келді. Олар Қазақстанның әлемдік руханиятты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Біздің игі бастамаларымызға қолдау білдірді. Бұл – біз үшін зор мәртебе. Астана – діннің басын қосқан, дінбасылардың дәстүрін тоғыстырған шаһар. Бұдан бөлек, елорда төрінде талай мәрте дүбірлі додалар мен халықаралық сайыстар өтті. Бір сөзбен айтқанда, Астананы бірлік пен берекенің бесігі деуге толық негіз бар", - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек Президент бас қалада Алматы, Ақмешіт, Орынбор, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Сарайшық көшелері барын, бұл елдік пен мемлекеттілік тарихының нақты көрінісі екенін жеткізді. 

"Астана – еліміздің жүрегі. Бұл қалада ең маңызды шешімдер қабылданып жатыр. Келешекте де лайым солай болмақ", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу