Астана "Болашақ ойындарын" өткізуге дайын тұр

Турнир қатысушылары классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін 8 пән бойынша өзара мықтыны анықтайды.  

Астана "Болашақ ойындарын" өткізуге дайын тұр Фото: gov.kz

Ерекше форматтағы жарыс 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Болашақ ойындарының" барысы туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтып өтті.

Оған әлемнің 50-ден астам елінен 900-ге жуық спортшы, халықаралық спорт ұйымдарының, цифрлық индустрияның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жанкүйерлер қатысады деп күтілуде.

Салалық ведомствоның бағалауынша, турнир туристік ағынның ұлғаюына ықпал етпек, сонымен қатар Астананың қонақүй, көлік және сервистік инфрақұрылымына қосымша сұраныс туғызатыны анық.

Турнирге қатысушылар классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін 8 пән бойынша күш сынасады. Жарыс бағдарламасына фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-атқыштар, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-би, Battle Royale, сондай-ақ компьютерлер мен мобильді құрылғылардағы MOBA кірді.

Бүгінде отандық туроператорлар жарыстарға қатысуды және елорданың мәдени көрікті жерлерімен танысуды қамтитын арнайы туристік пакеттер дайындап қойды. Жарыстың өзі Астананың 4 спорт нысанында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу