Астана-Будапешт әуе қатынасы 8 маусымда ашылады

307

Астана-Будапешт әуе қатынасы 8 маусымда ашылады

3 сәуірде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға ресми сапары кезінде екі ел арасындағы логистика және теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

Маңызды құжатқа "Қазақстан темір жолы" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен "Әзербайжан темір жолдары" ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов қол қойды.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалы көлемін арттыруға мүдделі. 2020 жылдары тасымал көлемін 300 мың ЖФЭ-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Келісім негізінде 2020 жылдарға дейін қазақстандық теміржол көлігі машиналарын жасау кәсіпорындарының 500 млн долларлық өнімін Әзербайжанға шығаруды жоспарлап отыр.

Бірлескен шаралар көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы Қазақстан мен Әзербайжан ғана емес, өңірдегі көршілес мемлекеттердің де транзиттік жүк ағынын дамытуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу