Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген электр пойызы іске қосылды

434

Бұл туралы ҚТЖ хабарлады. 

Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген электр пойызы іске қосылды Фото: ҚТЖ

Пойыз күн сайын бір ай бойы жүреді.

Пойыз Астанадан таңертең жөнелтіледі. Жолаушыларды отырғызу Нұрлы жол  (сағат 06: 03 мин. жөнелту) және Астана-1 (сағат 06:57 мин. жөнелту) вокзалдарында ұйымдастырылған. Жол бойында құрам үш станцияда: Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтайды. Мерекелік электр пойызы терминалға сағат 9:51 мин. келеді.

Жайлы сапарлау үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған. Пойыз жолаушылары сапарлау барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады  .

"Наурыз" электр пойызы - бұл "Жолаушылар тасымалы" АҚ, ҚР ПІБ "Бурабай Даму" ЖШС, Мәдениет және спорт министрлігі мен "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының бірлескен жобасы. Ол ішкі туризмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу