Астана бюджеті пәтерін заңсыз жалға берушілердің есебінен 18 млн теңгеге толықты

866

Астана бюджеті пәтерін заңсыз жалға берушілердің есебінен 18 млн теңгеге толықты

"Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық" пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде тиісті тіркеусіз пәтерді жалға берумен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде. Аталған шараны Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметі елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесе өткізуде, деп хабарлады astana.gov.kz.

Шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 1000-нан аса жеке кәсіпкер тіркеліп, мемлекеттің кірісіне 18 млн теңгеден аса қаржы түскен.

"Жүргізіліп жатқан жұмыс оперативті жағдайға оң ықпал етіп, жалға берілетін пәтерлерде тұратын адамдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары мен Астана қ. МКД қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде қала бюджетіне 85 600 000 теңге кіріс түсті", – деп мәлім етті Астана қаласы ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Ғосман Жакин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу