Астана циркінде ерекше балаларға арналған қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Балалар цирктің тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсияға қатысты. Сондай-ақ атпен серуендеп, ерекше әсерге бөленді.
Шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, қолдау көрсету және олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету. Ұйымдастырушылар балаларға жағымды эмоция сыйлап, шабыттандыруды көздеген.
"Біз циркке 20 баланы алып келдік. Олар экскурсияға қатысып, цирк өмірімен танысты, өнер көрсету үшін арнайы үйретілген жануарларды көріп, көптеген жағымды әсер алды. Осындай қайырымдылық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз мұны балалардың бақытты болашағына бастайтын игі қадам деп санаймыз", – деді "Бақытты Шаңырақ" қорының өкілі Марина Ахмедшина.