Астана циркінің эквилибристері Монте-Карлода арнайы сыйлыққа ие болды

866

Цирк әртістері аталмыш шараға биыл алғаш рет қатысып отыр. Халықаралық фестивальге шақыру былтыр Астанада өткен "Азия жаңғырығы" жыл сайынғы цирк өнері фестивалінде табысталды. 

Астана циркінің эквилибристері Монте-Карлода арнайы сыйлыққа ие болды

Ёка Конурбаева мен Назерке Мерекеқызы "Сигвейдегі эквилибр" атты ерекше номерлерін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, астаналық цирк эквилибристері Монте-Карлода Халықаралық цирк өнері фестивалінде арнайы сыйлықтың иегері атанды. Варшавалық және якутиялық цирк майталмандары астаналық цирк әртістерінің шеберлігіне ерекше тәнті болды.

Астаналық цирк әртістері аталмыш шараға биыл алғаш рет қатысып отыр. Халықаралық фестивальге шақыру Ёки Конурбаева мен Назерке Мерекеқызына былтыр Астанада өткен "Азия жаңғырығы" жыл сайынғы цирк өнері фестивалінде табысталды. "Азия жаңғырығы" фестивалі қазылар алқасының құрамында болған еуропалық цирк қауымдастығының президенті, Монте-Карло цирк фестивалінің вице-президенті Урс Пилс эквилибристер жұбының өнерін жоғары бағалап, оларды әлемдегі цирк өнері саласындағы ауқымды шараға қатысуға шақырған болатын.

Айта кетейік, Астанада өткен фестивальдің қорытындысы бойынша "Сигвейдегі эквилибр" номері 3-орын алды. Монте-Карлодағы 43-ші Халықаралық цирк өнері фестивалі қаңтардың 17-27 аралығында өтті. Осы жылы акробатика, сайқымазақтар, эквилибристика, сиқырлық және аң үйрету сынды түрлі жанрларда әлемнің 15 мемлекетінің жас әртістері цирк күмбезінің астында өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу