Астана декларациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымының ауқымын кеңейтеді

242

Құжат энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Астана декларациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымының ауқымын кеңейтеді Фото: Ақорда

Сарапшылар Шанхай ынтымақтастық ұйымында қабылданған Астана декларациясының маңызды тетіктеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Айтуларынша, құжат ондыққа айналған одақтың ауқымы мен беделін арттырады. Декларацияда 2035 жылға дейін аймақта және бүкіл әлемде жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, заңсыз көші-қон және лаңкестік пен есірткіге қарсы күрес сияқты кешенді мәселелер қамтылған.

Құжат энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды кеңейтуге мүмкіндік береді. Қол қойған мүше мемлекеттер демократиялық, әділетті, саяси және экономикалық халықаралық тәртіпті құруға септігін тигізетініне сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу