Астана – Дели бағыты бойынша жаңа рейс ашылады

141

Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады. 

Астана – Дели бағыты бойынша жаңа рейс ашылады Фото: canva.com

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және еліміздің әуе тасымалдар нарығындағы шетелдік "лоу-кост" әуе компаниялардың үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі Астана қаласының халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен "Indigo" Үнді "лоу-кост" әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

Осы жылдың 14 мамырынан бастап "Indigo" әуе компаниясы Астана-Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғандай, "Эйр Астана" қазақстандық әуе компаниясы осы жылдың 20 сәуірінен бастап "Airbus" үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.

Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғайту жоспарланған.

Қазір тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели ("Эйр Астана" – аптасына 7 рейс, "IndiGo"  аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу