Астана Душанбеге көмектеседі

628

Астана Душанбеге көмектеседі

Қазақстан Тәжікстанға Қайраққұм су қоймасындағы суды үнемді пайдалану туралы келісім ұсынды. Астана "тәжік теңізіндегі" су ресурсының жаз уақытында тиімді пайдалануына көмектескісі келеді.

Тәжікстанның тиісті органдары Қазақстан ұсынысын қарап жатыр. Бұл мәселе 4 сәуірде парламент отырысында көтерілді. Елдің энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Султон Рахимзоданың айтуынша, Қазақстан бар болғаны Тәжік теңізіндегі су ресурсын тиімді пайдалануға көмектескісі келеді. Өзбекстан да дәл осындай ұсыныспен шыққан, қазір жұмыс тобы келісім дайындап жатыр.

"Келісім Тәжікстандағы суды пайдалануды қарастырмайды. Қазақстан мен Өзбекстан Қайраққұм су қоймасына суды көбірек жинау үшін көмек ұсынып отыр. Бұған көп қаражат қажет, Ташкент пен Астана оны беруге әзір", - деді Рахимзода.

Оның айтуынша, жыл сайын су тасқындары мен сел болған уақытта Қазақстан мен Өзбекстан гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. "Бұл көмектің орнына, апаттардың алдын алған тиімді болар еді", - деді Рахимзода.

2008 жылға дейін Тәжікстан Өзбекстан және Қазақстанмен су мәселесін реттеуде тығыз байланыс орнатып келген. Бұл елдер Сырдариядаға судың жиналуына техникалық және қаржылай көмек беріп отырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу