Астана экономикасы дамыған, инфрақұрылымы бар заманауи мегаполиске айналды – Жеңіс Қасымбек

1052

Астананың 25 жылдығына орай "Жаңа перспективалар. Жаңа мүмкіндіктер" атты бауырлас қалалардың мерейтойлық форумы басталды.

Астана экономикасы дамыған, инфрақұрылымы бар заманауи мегаполиске айналды – Жеңіс Қасымбек Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бауырлас қалалар форумы әлемдік қалалар қатарында дамып келе жатқан елордамыз үшін аса маңызды. Бұл туралы Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Шаһар басшысы әлемнің 13 елінен 17 муниципалитет басшыларының осы іс-шараға қатысуы үлкен мәртебе екенін жеткізді. 

"Бұл форум өзара ынтымақтастықты дамытып, бірге дамудың жаңа моделін қалыптыстырады деген сенімдемін. Астана қаласы – Қазақстанның маңызды жобаларының бірі. Алғаш рет ХХ ғасырдың соңында қаланып, ғасырлар тоғысындағы шекарадан өтіп, біздің Астанамыз әлемдік танымалдылыққа ие болды. Бүгінде дамыған экономикасы мен инфрақұрылымы бар заманауи мегаполиске айналды", - деді ол.

Қала басшысының айтуынша, соңғы жылдары елорда 14 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартқан.

"Небәрі 25 жыл ішінде біз 33 млн шаршы метр тұрғын үй, 670 балабақша мен мектеп, жүзден астам мәдени және спорт нысандарын салдық. Астана әлемдік ауқымдағы таланттарды, жастарды, туристерді, инвесторларды және компанияларды тартатын креативті экономикасы бар сауда ағындары үшін аймақтық хабқа айналды", - деп атап өтті әкім. 

Шағын және орта бизнеске негізделген қала экономикасының өзін-өзі қамтамасыз ететін құрылымы қалыптасты, деп жалғастырды ол.

Бүгінгі таңда елорда экономикалық өсу мен дамудың қаласы ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз, күшті және сенімді дамып келе жатқан мемлекеттің бейнесі.

"Әлемнің басқа қалаларымен салыстарар болсақ, Астананы қарқынды дамып келе жатқан қалалалардың бірі деуге болады. Барлығымыз да қалалардың адамзат болашағы екенін түсінеміз. Қалалардың әлемдік желісі жаңа шындықтың экономикалық әрі саяси негізіне айналды. Ірі қалалар экономика өсімінің драйвері болды. Қала құрылысы екі қозғаушы күштің синергиясы: дамыған инфрақұрылым және сапалы қалалық басқару. Ал оның бәсекеге қабілеттілігінің үш факторы: жаһандық экономикаға тартылған сауда секторларының болуы, қаланың таланттарды тарту қабілеті және инновациялардың үздіксіз генерациясын қамтамасыз ететін инновациялық экожүйенің болуы", - деді Жеңіс Қасымбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу