"Астана ЭКСПО-2017" компаниясы "ағаш" терезеге қатысты түсініктеме берді

1695

Осыған дейін Facebook-те  EXPO көрме кешенінің терезе әйнегінің орнына ағаш жабын қойылғаны қызу талқыланған болатын.

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясы "ағаш" терезеге қатысты түсініктеме берді

"Астана ЭКСПО-2017"  ҰК әлеуметтік желілердегі көрме кешеніндегі терезе орнына ағаш жабын қойған туралы ақпаратқа жауап берді деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осыған дейін Facebook-те  EXPO көрме кешенінің терезе әйнегінің орнына ағаш жабын қойылғаны қызу талқыланған болатын. Осы мәселеге қатысты компания түсініктеме берді.

"EXPO көрме кешенінің аумағындағы АХҚО 4.1 павильонында кепілдік міндеттеме шеңберінде терезе әйнектерін ауыстыру бойынша жоспарлы монтаж жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағаш жабындар орнатылған. Осыған байланысты Сіздерден терезелердің сыртқы көрінісіне қатысты асығыс тұжырым жасамауыңызды сұраймыз" деп атап кетті компаниядағылар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу