Осы жылдың қыркүйек айының басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілді, деп жазады inbusiness.kz әкімдікке сілтеме жасап.
"Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден астам автокөлікпен толықтырылды" – делінген хабарламада.
Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылды. 40 "Үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылды (оның 7-сі тұрғын алаптарында), жыл аяғына дейін тағы 10 "Үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылады. Бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 4 медициналық мекеменің құрылысы бойынша жобалар іске асырылып жатыр.