"Астана Энергия" мен "Абу-Даби Плаза" қызметкерінде коронавирус анықталды

758

Қауіп-қатердің жоқтығына байланысты кәсіпорын жұмысын жалғастыруда. 

"Астана Энергия" мен "Абу-Даби Плаза" қызметкерінде коронавирус анықталды

"Астана-Энергия" АҚ ғимаратында және аумағында әскери бөлімдермен бірлесіп дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Науқаспен жақын байланыста болған 11 адам (9 адам жұмыс барысында) үй карантиніне алынды. Ал коронавирусқа шалдыққан адам стационарда жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қауіп-қатердің жоқтығына байланысты кәсіпорын жұмысын жалғастыруда. Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Көлік дезинфекцияланды. Қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

"Абу-Даби Плаза" қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмағандықтан, әріптестерімен қарым-қатынаста болмаған. Жақын қатынаста болған 2 адам анықталды (ұйым қызметкерлері емес). Қазіргі таңда біреуі стационарда, екіншісі  үй карантинінде. Науқас қызметкердің әріптестерімен қатынаста болмағанына қарамастан жұмыс уақытша тоқтатылды. Аумақта дезинфекция жүргізілді. Жақын арада жұмыс қайта басталады. Нұр-Сұлтанда барлығы 268 адам коронавируспен ауырып, 110 адам сауықты",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу