Астана қаласы мәслихатының депутаты, Ақмола облысының бұрынғы әкімі Еркеғали Есенжолов отставкаға кетті, деп хабарлады елорда маслихатының өкілді органы.
Мәлімдеменің себептері айтылмады.
Еркеғали Есенжолов 1960 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. 1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығын электрлендіру" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын "Электроуральмонтаж" тресінде инженер болып бастаған. Осы жылдары Ақмола облысы Атбасар және Есіл аудандарының әкімі, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президентінің кеңесшісі, "Астана-Энергия" АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
Е.Есенжолов 2016 жылы елорда мәслихатының депутаты болды. Сондай-ақ, ол құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды.