Астана ескекшілері республикалық жарыста жеңіске жетті

810

Астана ескекшілері республикалық жарыста жеңіске жетті

Астана қаласының спортшылары академиялық ескек есу бойынша чемпионаттан 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz.

12-16 шілде аралығында Теміртауда Самарқан су қоймасында ескек есуден ҚР жеке-командалық чемпионаты өтті. Биыл жарысқа 150-ден астам спортшы қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінің  тәрбиешісі, халықаралық кластың спорт шебері Александра Опачанова 3 алтын медаль иеленді. Елордалық құрама командасының қоржынына күміс медальді Аслан Құсайынов салды. Юрий Лобов, Айшамбек Ибрашев жәнеКирилл Коломиец қола медаль иегерлері атанды.

"Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мен жаттықтырушы ретінде спортшылардың алға ұмтылысына қатты мән беремін, және де олардың жеңіске бейімделу деңгейі көңілімнен шығады. Мұнда тек жеңіс үшін келеді. Биыл Астана құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді", - деді академиялық ескек есуден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Андрей Красников.

Айта кетейік, чемпионат жыл сайын Теміртау қаласында өткізіледі, бұл сайыс спортшыларға Қазақстанның құрамасына, сондай-ақ қыркүйек айында өтетін Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу