"Астана EXPO-2017" ЖЭС биыл толық қуатына шығады

697

Нысан құрылысына 300-ден аса адам тартылған, 20 жергілікті маман ЖЭС пайдалану үшін оқу курсынан өтіп жатыр.  

"Астана EXPO-2017" ЖЭС биыл толық қуатына шығады Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Ақмола облысы Аршалы ауданының Қостомар ауылында "Астана EXPO-2017" жел электр станциясының 1-ші іске қосу кешенінің жұмысымен және 2-ші іске қосу кешенінің құрылысының аяқталуымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

2-ші іске қосу кешенін пайдалануға беру және ЖЭС-тің 100 МВт толық жобалық қуатына шығуы 2020 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр (қуаты 50 МВт болатын алғашқы іске қосу кешені 2019 жылы тамыз айында пайдалануға берілді).

"Астана EXPO-2017" ЖЭС 10 мыңнан аса отбасының жылдық энергия тұтынуын қамтамасыз етіп, парник газдарының шығарындыларын жылына 230 мың тоннаға азайтуға және жылына 79 мың тоннадан астам отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 300-ден аса адам тартылған, 20 жергілікті маман ЖЭС пайдалану үшін оқу курсынан өтіп жатыр. 

Жұмыс сапарына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Р. Скляр, энергетика министрі Н. Ноғаев, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, "Қазақстан Даму банкі" АҚ басқарма төрағасы А. Сарқұлов және басқалары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу