ASTANA FINANCE DAYS 2022 конференциясына тіркелу басталды

722

Биылғы конференция "Орнықтылық. Әлеуметтік жауапкершілік. Өсу" тақырыбына арналады. 

ASTANA FINANCE DAYS 2022 конференциясына тіркелу басталды

Astana Finance Days (AFD) – бұл "Астана" халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірдегі ең ірі қаржылық конференциялардың бірі. 2018-2021 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 15 000-нан астам қатысушыны тартты. Биылғы конференция "Орнықтылық. Әлеуметтік жауапкершілік. Өсу" тақырыбына арналады. 

Қатысушылар мен спикерлерге ыңғайлы болу үшін конференция офлайн және онлайн қатысу мүмкіндігімен гибридті форматта өтеді. Іс-шараға қатысу тегін, тіркелу міндетті. 

Оффлайн қатысу 

AFD іс-шараларына қатысу тіркелген қатысушыларға АХҚО-да орналасқан Аккредиттеу орталығында берілетін бейдждер негізінде жүзеге асырылады. Қатысушының бейджі жабық іс-шараларға кіруді қамтамасыз етпейтініне назар аударыңыз. 

Онлайн қатысу 

AFD панельдік сессияларының трансляциясы www.astanafindays.org сайтында тіркелген қатысушылар үшін қолжетімді болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу