Айта кетсек қазіргі уақытта елордада "Астана форматында" Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтіп жатыр. РФ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьевтің айтуынша, сириялық үкімет пен оппозиция арасындағы сенім деңгейі қандай да бір мәмілеге келерлік шешімді қабылдауға мүмкіндік бермей тұр.
"Сириялық оппозициямен қызықты кездесу күтіп тұр. Себебі жағдайды реттеуге деген ниеттері ұандай екенін, өзара сенім туғызуға бола ма, әлде болмай ма – осы мәселені пысықтап алу керек. Әзірге сириялық үкімет пен оппозиция арасындағы сенім деңгейі қандай да бір мәмілеге келерлік шешімді қабылдауға жол бермей тұр", – деді Александр Лаврентьев Нұр-Сұлтандағы Сирия бойынша өтіп жатқан келіссөздердің кезекті раундында.
Ал БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен Сирия бойынша конституциялық комитеттің отырысын өткізу мерзімі туралы мәселені қарауға уәде беріп отыр.
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды күзде өтуі мүмкін.