Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) өз сайтында клубтардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Осы тізімге сәйкес, елордалық клуб рейтингте 57-ші орында тұр. "Астана" клубы "Милан", "Эвертон", "Саутгемптон", "Вест Хэм" клубтарынан жоғары орында орналасты.
Рейтинг клубтардың еурокубоктағы соңғы бес маусымда өнер көрсетулері негізінде есептеледі.
1. "Реал" – 146,000
2. "Барселона" – 138,000
3. "Бавария" – 128,000
4. "Атлетико" – 127,000
5. "Ювентус" – 124,000
57. "Астана" – 27,500
208. "Қайрат" – 5000
260. "Тобыл" – 3850
262. "Ертіс" – 3850
264. "Ордабасы" – 3850
267. "Ақтөбе" – 3850
271. "Шахтер" – 3850