Бұл лауазымға "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубының шешімімен белгілі қазақстандық маман Михаил Ильич Гурман тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Михаил Ильич футболшы ретіндегі мансабында қызылордалық "Орбита", алматылық "Қайрат", павлодарлық "Ертіс", қарағандылық "Шахтер" және талдықорғандық "Жетісу" командаларында ойнаған, әрі қазақстандық сұрмергендердің G100 клубы құрамына енген.
Қазақстан кәсіби футбол лигасының директоры, Қазақстан футбол Федерациясының вице-президенті қызметін атқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу