Астана-Гонконг рейсін ашу шарттары талқыланды

488

Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына үш рейс орындайтын тікелей тұрақты Алматы – Гонконг әуе қатынасы бар. 

Астана-Гонконг рейсін ашу шарттары талқыланды

Астанада Қазақстан мен Гонконг әуе билігінің өкілдері екі ел арасындағы әуе қатынасы мәселелері бойынша кездесті, деп хабарлайды ИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Гонконг делегациясын бастап келген Гонгонг арнайы әкімшілік ауданы үкіметінің көлік және үй құрылысы бюро хатшысының бас көмекшісі Уай Сам Ау азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевпен жүргізген келіссөз барысында Алматы мен Гонконг әуежайлары арасында жолаушылар мен жүк тасымалдарын арттыру мүмкіндіктерін зерттеуге мүдделілік танытты. Сондай-ақ, кездесу барысында Астана – Гонконг жаңа рейсін ашу шарттары да талқыланды. 
Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына үш рейс орындайтын тікелей тұрақты Алматы – Гонконг әуе қатынасы бар. Бұдан бөлек, тараптар білім беру саласы бойынша ынтымақтасу мәселелерін қарастырды.

Гонконгтың Халықаралық авиация академиясының президенті Вивиан Карфай Чеунг ұшқыштар мен авиация мамандарын оқыту бағдарламаларымен және оқу орынымен таныстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу