Астана қаласы аумағынан күн сайын жиналатын қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) көлемі орта есеппен 969 тоннаны құрайды. Жалпы қалада 1993 контейнерлік алаңға 12 455 контейнер қойылған. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Астана қаласы аумағында абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды маманданған ұйымдар іске асырады.
Қала аумағы 24 телімге бөлінген. Қазіргі кезде елордада "Астана-Тазарту" ЖШС (23 телім) және "Таза Әлем-Астана" ЖШС (1 телім) қатты тұрмыстық қалдықтар жинаумен және тасымалдаумен айналысады. Сонымен қатар, 90-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу