Астана халқының саны орта есеппен жылына 100 мың адамға артады – әкім

272

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Астана халқының саны орта есеппен жылына 100 мың адамға артады – әкім Фото: gov.kz

"Жыл басынан бастап қысқа мерзімді экономикалық индикатор 118,6 пайызды құрады. Инвестициялар 2,1 трлн теңгеге жетті, өсім 23,6 пайыз, оның ішінде 66 пайызы жеке инвестициялар. Шағын және орта бизнес қала экономикасының негізі болып қала береді, сонымен қатар жалпы аймақтық өнімнің 72 пайызын, жұмыс орындарының  70 пайызын қамтамасыз етеді", – деді қала басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Көрсетілген кезеңде 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – бүкіл ел бойынша берілген тұрғын үй көлемінің төрттен бірі.

"Халық санының жыл сайынғы өсімі қалаға жүктемені арттырып, үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қараша айында халық саны 1,6 миллион адамнан асты. Орта есеппен халық саны жыл сайын шамамен 7 пайызға немесе 100 мың адамға артады. Маятниктік миграция есебінен елордаға күніне 200 мыңнан астам адам келеді. Сондай-ақ 100 мыңға жуық тіркелмеген азамат бар", – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу